«Шабыт шаттығы» VІ облыстық байқауы
05-03-2022 10:43
«Шабыт шаттығы» VІ облыстық байқауы

      2022 жылдың  1-28 ақпаны  аралығындабалалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің педагогтер арасындағы «Шабыт шаттығы» VІ орындаушылық шеберлік байқауы «Ансамбльдер» номинациясында (аспаптық, вокалдық) қашықтан өткізілді.

Байқау ұйымдастырушылары: «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Қарағанды қаласы «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК - ЮНЕСКО клубы.

         Байқауға 22 ансамбль қатысып, екі түрлі сипаттағы шығармаларды орындады.

Байқауда Қарағанды облысының жетекші оқытушылары, мәдениет қайраткерлерінен тұратын кәсіби қазылар алқасы төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы бас жүлдені және I, II, III дәрежелі лауреаттарды анықтады.

Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз:

Гран-при: Теміртау қаласы Ғ. Жұбанова атындағы БӨМ фортепиано квартеті.

I орын: Қарағанды қаласы Қ. Аманжолов атындағы БММ «Шабыт» ансамблі;  Қарағанды қаласы №1 БММ - ЮНЕСКО клубының фортепиано дуэті; Теміртау қаласы Анастасия Кирсанова, Артем Крюков дуэті, Ғ. Жұбанова атындағы БӨМ.

II орын: Саран қаласы БӨМ фортепиано дуэті; Қарағанды қаласы №1 БММ - ЮНЕСКО клубының «Ақ Ерке» ансамблі; Қарағанды қаласы №1 БММ - ЮНЕСКО клубының «Қазына» ансамблі; Қарағанды қаласы №1 БММ - ЮНЕСКО клубының Гитаристер ансамблі.

III орын: Сәтпаев қаласы №2 БММ Домбырашылар дуэті; Саран қаласы БӨМ Вокалдық-аспаптық квартеті; Қарағанды қаласы БММ №1 - ЮНЕСКО клубының фортепиано дуэті; Доскей ауылы «Мирас» БӨМ «Серпер» аспаптық ансамблі; Шет ауданы С.Мұхамеджанов атындағы БММ «Аюлы» ансамблі; Саран қаласы БӨМ «Наз қоңыр» қазақ халық аспаптар фольклорлық ансамблі.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар: «Ерекше шеберлік» «Сырлы саз» дуэті, БӨМ, Қаражал қаласы; «Кәсіби шеберлік» - «Қазына» ансамблі, «Руханият» қосымша білім беру орталығы, Бұқар Жырау ауданы.