Размер шрифта:
Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
10-03-2022 17:56
Оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

      2022 жылдың 10 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоқу ісі жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 14 орынбасары қатысты.

Отырыс барысында 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік өнімді әзірлеу мәселелері қаралды.

Талқылау барысында әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.

Қорытындысында шешімдер қабылданды және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде әдістемелік материалды қарастыруға ілгерілету кезеңдерінің мерзімдері анықталды.