Өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу бойынша вебинары
15-03-2022 14:39
Өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеу бойынша вебинары
      2022 жылдың 14 наурызында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың 
оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК экологиялық-биологиялық бағытындағы
қосымша білім беру педагогтеріне, жалпы білім беретін мектептердің 
биология пәні мұғалімдеріне арналған «Жасыл экономика шеңберінде өскелең
ұрпақты экологиялық тәрбиелеу міндеттерін шешудегі заманауи тәсіл»  
атты вебинарын өткізді.

Вебинарда Қарағанды қаласы «Жас натуралистер станциясы» КММ директоры Буркеева Светлана Маратовна,директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Олишевец Надежда Константиновна, қосымша білім беру педагогтері  Бекмурзаева Айкерим Лескановна, Қалықбергенова Алия Муратовна, Алибаева Айжан Сериковна жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар барысында жылыжай өсімдіктерін гидропоника әдісімен өсіру тәсілдері, флорариум мысалындағы фитодизайн негіздері қарастырылды.