Олимпиада ойындарын, жалпы спортты насихаттау, студенттердің дене шынықтыру пәнінен білімдерін дамыту мақсатында, спортқа бейім қабілетті жастарды анықтап, әрі қарай спортпен айналысуларына жағдай жасау, спорт бірлестіктерін белсенді түрде жандандыру негізінде 22 желтоқсанда Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігі аясында олимпиада өтті.
Олимпиада қатысушылары 4 модуль бойынша сынақтан өтті. Бірінші модуль негізінде қатысушылар «Білім алушылардың кәсіби және жалпы мәдениетінде дене шынықтыру пәнінің алатын орны», «Салауатты өмір салтының негізгі қағидалары», «Дене шынықтыру сабағындағы техникалық қауіпсіздіктер», «Қазақтың дәстүрлі спорттық ойын түрлері» тақырыбындағы сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың жалпы саны 50, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланды. 2 модуль бойынша жас жеткіншектер арқанмен көтерілсе, 3 модулде жаттықтырушы қатысушыларды скакалкамен секіру бойынша сынады.