Размер шрифта:
Колледждердің тілдік мамандықтарының студенттеріне арналған «English today, English forever» викториналық байқауы
16-03-2022 14:52
Колледждердің тілдік мамандықтарының студенттеріне арналған «English today, English forever» викториналық байқауы

      2022 жылдың 16наурызында  «Қарағанды шетел тілдері колледжі» ЖММ базасында шетел тілдер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының  және үштілді білім беру апталығының шеңберінде тілдік мамандықтар студенттері арасында «English Today, English forever» викториналық байқауы өтті. 

Бпйқау онлайн форматта «Zoom» платформасында өткізілді.

Байқаудың мақсаты қатысушылардың коммуникативтік және тілдік біліктері мен дағдыларын дамыту және жетілдіру, ағылшын тілі және оқытылатын тіл елдерінің (Ұлыбританияның) мәдениеті саласындағы білімдерін бекіту болды.

Байқауға6 студент қатысты. 

Байқау 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар ағылшын мәдениетінен білімі бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде quizizz.com. платформасында ағылшын тілінің лексикасы мен грамматикасы саласындағы білімдері бойынша сайысты. Үшінші кезеңде студенттер өздеріне үй жұмысы ретінде берілген  ағылшын тілін үйренуге ынталандыратын «Benefits of learning English» тақырыбында алдын-ала дайындалған жарнамалық бейнероликтерін көрсетті.

Байқау нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

I орын-Сагадиева Аида Канатовна,«Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі-Тубекова Дина Берекеловна;

II орын-Ахатова Мерей Маратовна, «Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі-Бойкова Марина Александровна;

III орын-Жаппарова Диана Дамировна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі – Абильмажин Айдын Аманжолович.

Жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.  Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.