Ертегі - баланың жан-жақты даму құралы
17-03-2022 18:11
Ертегі - баланың жан-жақты даму құралы

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17 наурызында ZOOM платформасы арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында  «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында «Ертегі - баланың жан-жақты даму құралы» тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарға облыс бойынша -100 адам қатысты.

Семинар барысында келесі тәрбиешілер мен әдіскерлер өздерінің іс- тәжірибиесімен бөлісті: Абай ауданы «Бөбек» арнайы балабақшасы” КММ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.И. Петрова, Қарағанды қаласы «Бәйтерек» бөбекжайының КМҚК, қазақ тілі мұғалімі С.Т. Конкаева, Ұлытау ауданының «Өркен» бөбекжайының тәрбиешісі Н.В. Крюкова, Абай ауданы «Болашақ әлемі» бөбекжайының КМҚК әдіскері Е.В. Малыхина, Балқаш қаласы «Жұлдыз» бөбекжайының әдіскері Г.С.Байбекова, Саран қаласының КМҚК «Сәуле» бөбекжайының әдіскері Е.А.Дамро, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ ӘК меңгерушісі Сәулеш Шаймұрат, Қарағанды қаласының білім бөлімі әдіскері К.М.Хусайнова, Абай ауданының білім бөлімі әдіскері Р.А.Канытина, Ұлытау ауданы білім бөлімінің әдіскері Н.Р. Орынбаева, Балқаш қаласының білім бөлімі әдіскері Д.К. Елубаева.

Семинар практикаға бағытталған қызметке бағытталып, жоғары кәсіби деңгейде өтті.