2015 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Аймақтық кәсіпкерлер палатасының оқу курсынан өткен оқытушылармен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жұмыс тобы жастар арасында кәсіпкерлік қызметі дағдыларын дамыту бойынша қосымша курстың оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу мақсатында құрылған болатын.
Семинарға Қарағанды облысының 6 колледжі қатысты:
1) Көп салалы гуманитарлы - техникалық колледжі
2) ҚЭУҚ экономика, бизнес және құқық колледжі
3) Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжі
4) Халықаралық Бизнес Академиясының Бизнес –колледжі
5) Қарағанды политехникалық колледжі
6) Теміртау сауда және тамақтану колледжі.
Семинарды ТжКБ дамыту бөлімінің әдіскерлері Еставлетова А.А., Баядилова Г.К жүргізді. Жоғарыда көрсетілген колледждердің 11 өкілі қосымша курстың оқу-әдістемелік кешенінің әзірлемесі, сонымен қатар қосымша курстың үлгілік оқу құрылымын жасау жайлы талқылады. Жұмыс тобының келесі отырысы 5-11 қаңтар аралығында өтпекші.