«Болашақ басшы» директорлар кадрлық резервінің курстары
Көктемгі мектеп аясында Қарағанды облысында білім берудідамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың24-25 наурызында Қарағанды облысының білім беру ұйымдары директорларының «Болашақ басшы»кадрлық резерві курстарының III модулін өткізді.
III модуль сабақтарының тақырыптары:
- Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері;
- «Білімал»АБЖ;
- Жас мамандармен жұмысты ұйымдастыру;
- Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
Курс қорытындысы бойынша: қатысушылардың 57,6%-ы мектепті басқарудағы кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға; 66%-ы оқу-тәрбие процесінің қазіргі нысандары мен әдістерін игеруге; 17%-ы қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктер деңгейін бағалауға; 12,5%-ы басшы мәртебесін арттыруға деген ұмтылыс анықталды.
Курстар қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Орыс тілінде - 9 адам, қазақ тілінде - 30 адам курсты аяқтады.