2022 жылдың 25 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, информатика пәнінің мұғалімдеріне Халықаралық зерттеулер аясында «Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру» тақырыбында шеберлік-сынып өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Шеберлік-сынып барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
-«Білім берудегі ақпараттық сауаттылық» - Максутова Гулжахан Кашебдинқызы,Балқаш қаласының«№ 16 ОМ» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- «Формирование информационной компетенции в ходе урочной и внеурочной деятельности»-Воробьева Марина Геннадьевна, Саран қаласының «№17 мектеп-гимназия»КММ информатика пәнінің мұғалімі.