25 наурыз күні «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» атты математика пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өткізілді.
Форумға облысымыздан 300-ден астам математика пәнінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының және колледж оқытушылары, қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Іс-шара аясында төрт секциялық алаң мен пленарлық отырыс өткізілді.
Қатысушылар секциялық алаңдардың жұмысында мектептегі математикалық білімнің мазмұнын, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, математика пәні бойынша мектеп олимпиадалары, байқаулар, ғылыми-жобалық зерттеулер және басқа да мәселелерді талқылады.
Облыстық форум аясында секциялық алаң жұмыстарына дейін «Әдістемелік өнімдер», «Жетістіктер аллеясы, «STEM» білім беру, «Құндылықтарға негізделген математика», «Интеллектум» бойынша көрмелер ұйымдастырылып, форум қатысушылары өздеріне үлкен тәжірибе алды.
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатымен облыс мектептерінде математика пәні құндылықтарға негізделе отырып жүргізілуде. Осы бағытта секциялық алаң жұмыстарынан соң құндылыққа негізделген тәрбие мен білім беру жағдайындағы мектеп тынысы таныстырылып, «Абай жолымен» мұражай-залына, Математикалық шеберханаға, сондай-ақ «Құндылықтарға қадам» атты математика залына саяхат жасалынды.
Ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығы математика саласымен де тікелей байланысты. Осыған орай, пленарлық мәжіліс соңында «Абай мұрасы - ұрпаққа ұлағат» атты әдеби-музыкалық композиция қойылды.
Математика пәні мұғалімдеріне арнап ұйымдастырылған облыстық форумның маңызы өте жоғары болды және форум қатысушыларының оң бағасына ие болды.