2022 жылдың 26 наурызында білім басқармасында мектеп Альянстарының қызметі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуге әдістемелік кабинет меңгерушілері, белгілі қайраткерлердің құрметіне аталған мектептер Альянстарына кірген ұйымдардың директорлары мен директордың орынбасарлары қатысты.
Қарағанды облысында 2020 жылдан бастап 10 мектеп Альянсы құрылып, 46 білім беру ұйымы кіріп табысты жұмыс істеуде.
Кездесу барысында мектептердің бірлескен жұмысы аясында өткізілген іс-шаралары мен болашықта өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қызметті ұйымдастырудың жұмыстары талқыланды.