2022 жылдың 28 наурызында Қарағанды техника-құрылыс колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыменбірлесіп ақпараттық сауаттылық апталығы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Qopter club» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты- пилотсызавиациялық жүйелерді басқарудағы талантты, болашағы зор студенттерді іздеу, дамыту және қолдау.
Байқауға 5 студент қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Кабдулахамитов Ернур Нуржанович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;
2 орын - Жапенов Мадияр Асланович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;
3 орын - Васильев Сергей Витальевич, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.