«Заманауи білім берудің өзекті мәселелері»
25-12-2015 08:38
«Заманауи білім берудің өзекті мәселелері»

«Заманауи білім берудің өзекті мәселелері»

    Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы негізінде Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облыстық ББД  оқу-әдістемелік орталығы мектеп басшыларына жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында «Заманауи білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында 2015 жылдың қазан айынан бастап курс ұйымдастырды.

І жарты жылдық соңында барлығы 234 (оның ішінде қазақ тілінде- 129, орыс тілінде -105 басшы) мектеп директоры курстан өтіп, сертификатталды.

Курс барысында:

- Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту,

- Жалпыға бірдей міндетті оқу аясындағы білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі,

- Педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері,

- «Білімал» ақпараттық білім беру жүйесінің ерекшеліктері, Деңгейлік курстар – жаңа білім берудің философиясы,

- Білім беру ұйымының көшбасшысы ретінде басшының беделі,

 - Білім беру жүйесіндегі медиация,

 - Мектептің даму стратегиясы,

 - Еңбектік құқық нормалары,

 - Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер,

 - Дінтанудың өзекті мәселелері,

 - Білім берудегі  менеджмент және көшбасшылық,

 - Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру,

 - Мектептің кәсіптік бағдарберу жұмысын ұйымдастыру,

 - Білім беру саласындағы инклюзивті білім беружүйесі, т.б бойынша білімдерін жетілдірді.

      Курс соңында мектеп басшылары емтихан тапсырып, мектептің даму стратегиясын қорғады.

Басшылар пікірі:

Бағдат Саламатұлы, Шет ауданы, «Батық ЖОББ» КММ-нің директоры:

   – Барлығымыздың курсқа келгендегі мақсатымыз – осы жерден алған білімімізді, жинаған тәжірибемізді өз мектебімізге барып іс жүргізу барысында қолдану. Курс барысында түрлі тақырыптарды қозғай отыра, мәселе мәнісіне тереңірек үңіліп, шешім шығару жолдарын, сондай-ақ басшы имиджі қандай болуы керек және т.б көкейде жүрген сұрақтарымызға жауап ала алдық.

  Мұрат Аманжолұлы, Нұра ауданы, Қарой орта мектебінің директоры:

    – Мен алдында Астанада 9 айлық директорлар курсын оқып келген болатынмын.  Бұл өтіп жатқан курспен байланыстырғанда айырмашалық пен өзгешіліктер бар екен. Біз қажетті сұрақтарымызға жауап алып, күнделікті кездесетін мәселе, қызметкерлер мен басшылықтың, оқушы мен ұстаз арасында болатын жағдаяттардың шешімін табуға нақты бағыт-бағдар алдық. Сабақ берген мұғалімдерге, ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін.

     Оспанкулов Максат Зейнелович,  Қарқаралы ауданы , Талды ауылы, №19 орта мектеп директоры:

    «Өмір –теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгілікпен жасалмаса кемеңіз»- деп Абду Абдулло Рудаки айтқандай, біздің кемеміздің дұрыс жасалуына көп септігін тигізген оқу-әдістемелік орталығының үлесі зор.

    Үздіксіз білім алу қағидасын сақтаған біздер неше жыл мектепті басқарсақ та, білімді жетілдіру үнемі өзекті мәселе екенін түсіндік. Өз білімімізді үнемі шыңдап отырған мектеп басшылары ХХІ ғасырда білімді ұрпақ тәрбиелейтініне өздері сенімді. Өйткені біз жаңа ғасыр ұстаздарымыз.

   Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев сүрлеу соқпағын салған қазақ педагогикасының дара жолында барша ұстаздарға табыс тілеймін!