Размер шрифта:
«Windows 2008 R2 ОЖ базасында серверді әкімшілендіру және баптау» облыстық байқауы
30-03-2022 16:09
«Windows 2008 R2 ОЖ базасында серверді әкімшілендіру және баптау» облыстық байқауы

      2022 жылдың29  наурызында  Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыменбірлесіп  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында  ақпараттық сауаттылық апталығы аясында WorldSkills стандарттарына сәйкес «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыретілігі бойынша «Windows 2008 R2 ОЖ базасында серверді әкімшілендіру және баптау» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты -  Қарағанды облысында «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша WSK чемпионатына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушыларын дайындау.

Байқауға 7 студент қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын -Цвиркунов Дмитрий, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚКстуденті;

2 орын - Власенко Егор, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Тайшиков Алибек,  «Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледжі» КММ студенті.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.