2015 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Шексіз білім» жобасының I кезеңін жүзеге асыру барысында «Фотоэффект. Фотоэффектіні қолдану» тақырыбы бойынша ҰБТ үлгілік тапсырмаларын шешудегі оқушылардың жалпы оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған облыстық онлайн сабақ өткізілді. Онлайн сабақты Саран қаласы №13 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі Соколовская Рита Аркадьевна өткізді. Сабақ 11 сыныпта жүргізілді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 20 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Қазіргі таңда оқыту мен үйретудің сапасын арттыруда стратегияларды, әртүрлі инновациялық тәсілдерді қолдану ең тиімді жолдардың бірі болып отыр. Сабақ көтеріңкі көңіл күйде және эмоционалды көңілдің рефлексиясынан («Жаңа жылдың ойыншығы» атты ойын түрінде ) басталды. Бұл мұғалімге оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасап, психологиялық ахуал туғызуға мүмкіндік береді. Оқушы өз білімін сабақтың әр кезеңінен соң (өзін-өзі бағалау парағында) бағалап отырды. Осындай өзін-өзі бағалау нәтижесінде оқушы өзінің қай бағытта даму керектігін саналы түрде түсінеді.
Оқушыларға сабақ үдерісінде күрделілігі әртүрлі деңгейдегі функционалдық сауаттылығын тексеруге бағытталған тест тапсырмалары ұсынылды. Қазақстан Республикасында оқушылардың қорытынды аттестациялау нысанының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. Сондықтан сабақта жаттығу тестілерін пайдалану оқушылардың олармен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастырады. Осындай тест тапсырмаларын орындау жаттығулары оқушыларды шешуші кезеңде қандай дұрыс шешім қабылдау керек екендігіне үйретеді.