2022 жылдың 1 сәуірінде Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында ақпараттық сауаттылық апталығы аясында WorldSkills стандарттарына сәйкес «Ақпараттық және кабельдік желілер» құзыреті бойынша «Электроника өз қолымен» облыстық қашықтықтан байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты- практикаға бағытталған қызметті ұйымдастыру арқылы студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту арқылы WorldSkills стандарттарына сәйкес кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Байқауға 11 студентті қатысты.
Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен критериалды бағаланып, отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын- Платонов Алексей Андреевич, «Қарағанды тау – кен индустриалды колледжі» КММ студенті;
2 орын- Королев Павел Игоревич, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» студенті;
2 орын- Литвинчук Андрей Сергеевич, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі»КМҚК студенті;
3 орын- Марков Владислав Андреевич, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ студенті;
3 орын- Коныртаев Ерсагын Талгатулы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖММ.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.