Педагог-психологтарға арналған облыстық семинар-тренинг
2022 жылғы 01 сәуірде PISA халықаралық зерттеулеріне қатысатын Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріүшін қазақ және орыс тілдерінде семинарлар өткізілді.
Семинар барысында психологтың жасөспірімдермен жұмыс жасау технологиясы қарастырылды, диагностика әдістері мен түзету жұмыстарының нысандары талқыланды, күйзеліс кезінде өзін-өзі бақылау мен реттеуді дамытуға арналған жаттығулар орындалды.
Семинарлардыңспикерлері: академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің психология кафедрасының аға оқытушылары Мухаметкаримова Динара Фархатовна мен Ширинбекова Жарқын Амангельдиевна.