2022 жылдың 5 сәуірінде Теміртау жоғары политехникалық колледжі Қарағанды облысының білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, құқықтық сауаттылық апталығы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жазасыз қылмыс жоқ» облыстық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - білім алушыларда адам өміріндегі адамгершілік заңдар туралы түсінік қалыптастыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, студенттердің құқықтық санасын тәрбиелеу.
Байқауға 14 студент қатысты.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Бекишева Айзада Саятқызы, Жамелова Диана Амангелдіқызы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі ЖММ студенттері, жетекшісі Тусупбаева Айжан Агзамбековна;
2 орын - Короткевич Дмитрий Витальевич,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚКстуденті, жетекшісі Кульпеисова Жанар Болатовна;
3 орын - Моргачев МаксимВячеславович, «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММстуденті, жетекшісі Саткенов Акылбек Саткенулы.
Жеңімпаздар Қарағанды облысының білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.