Размер шрифта:
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
06-04-2022 15:44
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы

      2022 жылдың 6 сәуірінде облыс колледждерінің «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн форматта қорытынды отырысы өтті.

Бағдарламаға сәйкес «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарының орындалуы туралы» және «2022-2023 оқу жылына «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау туралы» тақырыптарындағы сұрақтар қаралды.

Шараға облыс колледждерінің «Шаштараз өнері» бағыты бойынша 10 өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушылары қатысты.