Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі инклюзивті білім беруді енгізу бойынша семинар
06-04-2022 08:57
Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық  әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі инклюзивті  білім беруді енгізу бойынша семинар

      2022 жылдың 6 сәуірінде ZOOM платформасында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі инклюзивті білім беруді енгізу бойынша семинары өтті.

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Абдиханиева Н.Б., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ әдіскері, «Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында;

2. Кешубаева А.М., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Модульдік оқыту технологиясына көшу жағдайында арнайы оқу жоспарын және арнайы бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында;

3. Алиманова Г.Д., «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ педагог-психологы, «Оқу процесінде ЕББҚ бар студенттерді жеке сүйемелдеу» тақырыбында;

Семинарға 38 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.