2022 жылдың 6 сәуірінде ZOOM платформасында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберіндегі инклюзивті білім беруді енгізу бойынша семинары өтті.
Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. Абдиханиева Н.Б., «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ әдіскері, «Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында;
2. Кешубаева А.М., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Модульдік оқыту технологиясына көшу жағдайында арнайы оқу жоспарын және арнайы бағдарламаларды әзірлеу» тақырыбында;
3. Алиманова Г.Д., «Тау-кен металлургиялық колледжі» КММ педагог-психологы, «Оқу процесінде ЕББҚ бар студенттерді жеке сүйемелдеу» тақырыбында;
Семинарға 38 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.