Размер шрифта:
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫ «ҚАБАНБАЙ БАТЫРМЕН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ»
07-04-2022 14:34

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың сәуір айында «Қабанбай батырмен дене шынықтыру» дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығын өткізеді.

Мақсаты:балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жалпы сауықтыру, ағзаның қоршаған орта факторларының зиянды әсеріне төзімділігін арттыру.

Міндеттері:

1. Балаларды және олардың ата-аналарын салауатты өмір салтына тарту.

2. Балалардың шығармашылығын, шығармашылық белсенділігін дамыту.

3. Оқушылардың өзін-өзі көрсету, өзін-өзі тану қабілеттерін қалыптастыру.

4. Балалардың балабақша өміріне белсенді қатысуға деген ұмтылысын дамыту.

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әдеті мен қажеттілігіне тәрбиелеу. Спорт пен туризмге, дене шынықтыруға қызығушылық тудыру.

6. Балаларды сау болуға тәрбиелеу, емделуден қорықпауғаа шақыру.

7. Дәрігерлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қарағанды облысының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында «Қабанбай батырмен дене шынықтыру» дене шынықтыру-сауықтыру сауаттылығы апталығы өткізіледі

 

I күн– «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ САУАТТЫЛЫҒЫ» АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ.«Қабанбай батырмен дене шынықтыру».«Біз денсаулығымызды сақтаймыз!»

II күн- «Айсұлумен бірге дұрыс тамақтанамыз!»

III күн- ««Ашық ойындар» күні. «Қозғалыс-бұл өмір!».»

IV күн- «Тәні саудың-жаны сау!»

V күн- ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ САУАТТЫЛЫҒЫ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ «Балалар, біз кереметпіз - денсаулыққа бәрін айтамыз - Иә!»

 

#umckgrсауықтыру#аптылығы хэштегімен Instagram, faсеbook платформаларында іске қосу