Размер шрифта:
Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларында функционалдық -математикалық сауаттылықты дамыту» («Біздің айналамыздағы математика» жобасының шеңберінде).
24-12-2015 09:49
Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларында функционалдық -математикалық сауаттылықты дамыту» («Біздің айналамыздағы математика» жобасының шеңберінде).

         2015 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Біздің айналамыздағы математика» жобасына қатысушы аудан, қала мектептерінің оқытуы қазақ тіліндегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларында функционалдық математикалық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинарлар өтті.

         Семинар мақсаты – бастауыш сынып оқушыларында функционалдық- математикалық сауаттылықты дамыту мен қалыптастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

         Семинар барысында ББД ОӘО әдіскері Г. Мукащева  мұғалімдерді «Функционалдық сауаттылық» ұғымымен таныстырды, топтармен жұмыстар атқарылды, бастауыш сынып оқушыларында математикалық біліктілікті дамыту үшін тапсырмалар құрастыру бойынша практикалық тапсырмалар берілді.

         Семинарға  Бұқар жырау, Ақтоғай, Осакаровка, Шет, Қарқаралы, Нұра , Жаңаарқа, Абай, Ұлытау аудандарының және Саран, Шахтинск, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды , Қаражал, Сатпаев  қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.