Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
![Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн](/media/img/blogs/624ec9bfdf2d3.png)
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың сәуір айының 7-сі күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- Жазғы мектепті өткізу туралы;
- Электронды журналды жүргізу туралы;
- «Қашықтықтан BOOM» жобасы аясында облыстық бейнесабақтар байқауын өткізу туралы.
Әдістемелік күнге 33маман қатысты.