2022 жылдың 7 сәуірінде Жезқазған бизнес және көлік колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Миллион кімге бұйырады?» облыстық интеллектуалдық ойынын өткізді.
Ойынның мақсаты – құқықтық тәрбие арқылы студенттердің бойында заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, заң жөніндегі білімін дамыту.
Ойынға 25 студент қатысты.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Ойынның қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды.
«Үздік құқық білгірі - 2022» номианациясы - Төлеуова Үмітжан Ерланқызы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Тусупбаева Айжан Агзамбековна;
1 орын - Сембі Ділшат Бауыржанұлы, «Қазақмыс корпорациясының техникалық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Жадкеева Адема Жалгасбаевна;
2 орын - Оралбай Ернұр Ерланұлы, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Бигалиева Жанар Шабдановна;
3 орын - Бекишева Айзада Саятовна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Омарова Айгуль Кайрбековна.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.