Размер шрифта:
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған семинар
08-04-2022 18:12
Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған семинар

      2022 жылдың 8 сәуірінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ТжКББ бөлімі Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған «Силлабус модульдерді/ пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құралы ретінде» тақырыбындағы семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және енгізу.

Бағдарламаға сәйкес Теміртау жоғары медициналық колледжінің жетекші инженерлік-педагогикалық қызметкерлері келесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды:

  • «Силлабус, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жүйесіндегі оқу-жоспарлау құжаттамасының бөлігі ретінде», Щеглова Н.В., әдіскер;
  • «Гуманитарлық пәндер бойынша силлабусты әзірлеу ерекшеліктері», Орёл Т.С., оқытушы;
  • «Студенттермен қарым-қатынас құралы ретінде жалпы кәсіптік пәндер бойынша силлабус», Бектемирова Ж.Ж., оқытушы;
  • «Құзыреттілік қызметін іске асыру тәсілі ретінде білім алушының өзіндік жұмысы», Кызылбаева Б.К., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
  • «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау құралы ретінде үлгерімді аралық бақылау», Павлик Е.В., оқытушы;
  • «Критериалды бағалау нысаны ретінде чек-парақтар», Калдыбаева Ч.Б., оқытушы.

 ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 43 әдіскері қатысты.

Семинар соңында проблемалық сұрақтар талқыланып, ұсыныстар берілді.