2015 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды машина жасау колледжінде «Кәсіби өсу мектебі» және ТжКБ психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігі аясында «Рөлдік ойындар – шиеленісті шешуге жол беріп, қарым-қатынасты дамытатын әдіс ретінде» тақырыбында кезекті семинары өтті. Семинар жұмысына Қарағанды облысы колледждерінен 24 психолог қатысты.
Семинарды алғысөзбен Қарағанды машина жасау колледжінің директоры Шатинов Серікбол Тұрсынович ашты.
ҚО ББД ОӘО ТжКБ дамыту бөлімінің әдіскеріЛюбчанская Татьяна Витальевна «Кәсіби өсу мектебі» аясындағы семинарлардың ұйымдастырушысы және модераторы қызметтерін атқаруда.
Семинардың бірінші бөлімінде Қарағанды машина жасау колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Н.А. Крылова, колледждің психологиялық қызметі мен әдістемелік жұмысының әрекеттестігін көрсетті.
«Рөлдік ойындар – шиеленісті шешуге жол беріп, қарым-қатынасты дамытатын әдіс ретінде» тақырыбындағы тәжірибелік бөлімді Қарағанды машина жасау колледжінің педагог-психологы
А.С. Кочетова және Теміртау «Мирас» көп салалы колледжінің педагог –психологы Н. Н. Халманова жүргізді.
Рефлексия кезінде қатысушылар іс шара жайлы өздерінің оң көзқарастарын білдірді.