Размер шрифта:
«Шабал Бейсенбекова оқуы – 2022» облыстық педагогикалық байқауы
08-04-2022 09:03
«Шабал Бейсенбекова оқуы – 2022» облыстық педагогикалық байқауы

      2022 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Сәтбаев қаласының білім бөлім» ММ ұйымдастыруымен  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Шабал Бейсенбековаға арналған дәстүрлі «ШАБАЛ БЕЙСЕНБЕКОВА ОҚУЫ-2022» педагогикалық байқауы Сәтбаев қаласы №27 жалпы білім беретін мектеп базасында offline/online форматында өткізілді.

Мақсаты: Шабал Бейсенбекованың жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оқытудағы озық тәжірибелерін тарату арқылы педагогтердің  кәсіби құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау.

Байқаудың бірінші бөлімі дөңгелек үстел түрінде өтті, модераторы -  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жаркеева Гулназ Бекетовна болды.  Дөңгелек үстелге ZOOM платформасы арқылы Шабал Бейсенбековнаның шәкірті, мемлекет және қоғам қайраткері Көпеев Мұхаммед Жұманазарұлы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Білім меценаты, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегері  Алтынбеков Бекзат Қомарұлы қатысып, тілектерін айтып, байқаудың маңыздылығы туралы айтып, сәттілік тіледі. Шараның басты тұлғасы  Шабал Бейсенбековнаға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, Сәтбаев қалалық  маслихатының депутаты, Шабал Бейсенбекованың шәкірті әрі әріптесі болған  Смайлов Кайрат Кулыбекович сөз алып, барлық қатысушыға сәттілік тіледі. Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берик Базылович те  барлық келген қонақтарға алғысын білдіріп, басқа да өңірлерге үлгі болып отырған іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында Шабал Бейсенбекқызы бастаған сара жолдағы іскерлік те, ізгілік істерінің жалғасы ретінде мектеп ұжымының «Қазақстан», «Сүйікті мектебім» хорын  тамашалап, іс-шара «Ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы мектеп оқушыларының қолөнер туындыларының көрмесімен және білім ордасындағы «Шабал Бейсенбекқызының» мектеп мұражайын аралаумен жалғасты.  

Байқау барысында 4 секциялық алаң жұмыс жасады, педагогикалық оқудың бағыттарына сәйкес қатысушылар баяндамаларымен, инновациялық жобаларымен, авторлық бағдарламаларымен және оқу-тәрбие үдерісіндегі  іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстарын қорғады.

 

«Шабал Бейсенбекова – 2022» облыстық  педагогикалық байқауының нәтижесі:

1-секция – Гуманитарлық білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар.

  1. Нұрланова Нұрзат Нұрлановна, Тұтқыш Айдана Жаңбырбайқызы, Қарағанды қаласы Н.Әбдіров атындағы ЖББМ, қазақ тілі мен тарих пәні мұғалімдері – I орын                                                                     
  2. Баяхметова Салқын Жаксыбаевна,  Бұқар жырау ауданы, Тоғызқұдық ауылы «Ж.Аймауытұлы атындағы ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – II орын                                                                                    
  3. Сыздыкова Айсулу Канатовна, Қарағанды қаласы, «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі – III орын

Алғыс хаттар:

  1. Жунусова Замзагуль Жаксылыковна, Мажитова Каракоз Балтабаевна, Шахтинск қаласы, №4 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері;
  2. Зейнетуллина Толкын Кобестаевна, Балқаш қаласы, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі.

2-секция – Білім беру үрдісіндегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері.

  1. Маденова Эльмира Кайратовна, Сәтбаев қаласы, «№4 мектеп лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі   – I орын                                                      
  2. Ибраева Баян Ондирхановна, Шахтинск қаласы, «№3 ЖББМ» КММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі – ІI орын
  3. Бралина Рзанкуль Саматовна, Сәтбаев қаласы «№19 мектеп лицейі» КММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі – ІІI орын

Алғыс хаттар:

  1. Мухсинова Айгул Мухсиновна, Қарағанды қаласының  «№23 ЖББОМ» КММ  қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі;
  2. Естаева Жайнар Нурлановна, Шет ауданы  Жұмыскер ауылының Абай атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
  3. Рахимжанова Айнагул Кайыржановна, А.Ермеков атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернаттың информатика пәні мұғалімі.

 

 

 

 

3-секция – Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы эстетикалық тәрбие.

 

  1. Каржасова Салтанат Мухаметшариповна, Нұра ауданы, «С.СЕйфуллин атындағы ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – I орын
  2. Сәулетұлы Сәби, Саран қаласы «№17 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – ІІ орын
  3. Егинбаева Гульзинат Амировна, Қарағанды қаласы №1 «Білім - инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – ІІІ орын

 

Алғыс хаттар:

  1. Калдыбекова Мархабат Амангелдиновна, Шет ауданы «Талды жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;     
  2. Исхакова Жазира Абдибековна, Шахтинск қаласы «№ 6 жалпы білім беру мектебі» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;     

 

4 – секция – Ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың маңызы.

 

  1. Тусупханова Бану Амановна, Шет ауданы, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары – І орын
  2. Смайлов Кайрат Кулыбекович, Смайлова Кулзира Каляскаровна, Сәтбаев қаласы №16 ЖББМ және №27 ЖББМ математика пәні мұғалімдері – ІІ орын
  3. Батталова Алия Омиржановна, Балқаш қаласы, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – ІІІ орын

 

Алғыс хаттар:

  1. Арыстанбекова  Жаннұр Дүйсентайқызы, Жезқазған қаласы, №8 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі;
  2. Бейбітхан Бәрдхан, Шет ауданы, Ақой жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

 

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!