Размер шрифта:
«Асыл мұра» - кәсіби шеберлік байқауы
13-04-2022 21:22
«Асыл мұра» - кәсіби шеберлік байқауы
      1-13 сәуір аралығында Балалар өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінің музыкалық-теориялық пәндері оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған III облыстық қашықтан «Асыл мұра» байқауы өтті.
Байқауға музыка әдебиеті, қазақ музыка әдебиеті пәндері бойынша өнер мектептері мен музыка мектептерінің музыкалық-теориялық пәндерінің педагогтері қатысты.
Байқауға қатысушылар Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларының, сондай-ақ Қарқаралы ауданының (Егіндібұлақ ауылы) білім беру ұйымдарының өкілдері болды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын - Савченко Юлия Васильевна, Теміртау қаласының №2 Балалар музыка мектебі;
II орын - Кузова Светлана Александровна, Саран қаласының Балалар өнер мектебі және Шляхова Анастасия Сергеевна, Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебі;
III орын - Никомбаева Кадиша Даулеткалиевна, Қарқаралы ауданы (Егіндібұлақ ауылы) Балалар өнер мектебі;
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!