2022 жылдың15 сәуірінде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжіҚарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Менің туған өлкем» өлкетану бойынша бейнероликтердің облыстық қашықтықтан байқауының қорытынды кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты - туған өлкенің тарихын зерттеуге танымдық қызығушылықты, ортақ тарих негізінде жалпы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру, жерге, өз ауылына, қаласына, өңіріне деген махаббат ынталандыру.
Байқауға 30 студент қатысты.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Мехралиева Маржанат Яралиевна, «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Оспанова Алия Турсыновна;
2 орын - Оралбай Ернұр, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚКстуденті, жетекшісі Бухарбаева Асия Бакеновна;
2 орын - Төкеш Айдана Қайратқызы, «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ студенті, жетекшілері Кахарман Аяулым, Сұлтан Мадияр;
3 орын - Дитлер Артем Константинович, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі Пиневич Елена Геннадьевна;
3 орын - Ташенова Дәрия Ғалымқызы, «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ студенті, жетекшісі Ильясова Аяна Нурлановна.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.