Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Саран қаласы білім бөлімімен және №17 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылдың 19 сәуірінде онлайн-режимде бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім сапасын арттыруда мектеп драматургиясы және өлкетанудың рөлі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға Қарағанды облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында өлкетану мен драматургияны кіріктіре отырып сабақ және сабақтан тыс іс-шаралар өткізіліп, педагогтер өзара тәжірибе алмасты.
Семинарда №17 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері өлкетану компонентіне сүйене отырып театр педагогикасы бағытындағы жұмыс тәжірибесін ұсынды. Сондай-ақ воркшоптар өткізіліп, театрландырылған қойылымдар және мұражай сабақтарынан алынған бейнесюжеттер көрсетілді.
Семинарға қатысушылар тарапынан жоғары баға беріліп, театр педагогикасын өз жұмыстарында қолданудың маңыздылығы атап өтілді.