2022 жылдың 20 сәуірінде Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Инклюзивті оқытудағы - үздік IT сабақ» облыстық қашықтықтан байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - инклюзивті білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту.
Байқауға 5 колледж педагогтары қатысты.
Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен критериалды бағаланып, отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Хуат Айтолқын, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК педагогы (78 балл);
2 орын - Тоқтасынова Алуа Жанатқызы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК педагогы (73 балл);
3 орын - Әділ Диана Дарынқызы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК педагогы (67 балл).
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.