2022 жылдың 21 сәуірінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясында «Тәуекел тобының» студенттерін сүйемелдеу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-кеңесі өтті.
Қатысушылардың назарына «Тәуекел тобының» студенттерін сүйемелдеу ерекшеліктері» (Байкадамова Р.Р., «Қарағанды теміржол колледжі» КММ педагог-психологы) және «АСППМ» деректер базасында «тәуекел тобына» жататын студенттермен жұмыс» (Бондарчук А.С., «Б.Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК педагог-психологы) материалдары ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша педагог-психологтарға «АСППМ» жүйесінде қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде ұсыныстар берілді.
Шараға облыстағы колледждердің 42 педагог-психологы қатысты.