«Қарағанды облысы ауыл аймақтары мұғалімдерінің «Заманауи мектепке – заманауи мұғалім» виртуалды – әдістемелік бірлестігі».
2015 жылдың қыркүйегінен бастап ШЖМ педагогтарының виртуалды әдістемелік бірлестігінің жұмысы жалғасты. Мақсаты: шағын жинақы мектептептердің оқыту үрдісінде пайда болатын мәселелерді шешу және облыстың ауыл аймақтары мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру болып табылады.
Лабораториямен ауыл мектептерінің мұғалімдері ұсынған проблемалық тақырыптар бойынша 2015-2016 оқу жылына арналған онлайн отырыстардың жоспары құрылды. Бұл ҰБТ дайындық, түрлі аймақ мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу және оқытуда жаңа бағыттар енгізу бойынша семинарлар.
Отырыстар мұғалімдер үшін де, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар үшін де, ШЖМ кітапханашылары үшін де аптасына 1 рет өткізіліп отырды (айына 4 рет). 2015 жылдың қыркүйек, желтоқсан айларында жалпы 13 отырыс өткізілді.
Сабақты тек ББД ОӘО әдіскерлері ғана емес, сонымен қатар Жетекші мектептердің мұғалімдері де жүргізеді. Бұлар – Қарағанды қаласының №4 ОМ бастауыш сынып мұғалімі - Хуатай А., №2 ҚТЛ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі - Мейрманова Б.О., Қараған ОМ бастауыш сынып мұғалімі - Жанузакова О.П., Абай ауданы ОМ мұғалімі - Носова С.Н., Қарағанды қаласының №65 ЖББОМ кітапханашысы және т.б.
Ақтоғай, Шет, Осакаровка, Қарқаралы аудандарының мұғалімдері виртуалды отырыс барысында проблемалық тақырыптар бойынша пікірталасқа белсене қатысады, сұрақтар қояды, жоспардан тыс қосымша семинарлар өткізуді ұсынады.
ВӘБ жұмысында ерекше қызығушылық танытатындар 2015-2016 оқу жылында тірек мектебі ретінде ашылған Ағадыр ауылының А. Ермеков атындағы ОМ, Қайрақты ОМ, №1 Ұлытау ОМ мұғалімдері.