Экология сұрақтары бойынша дөңгелек үстел
2022 жылдың 21 сәуірінде экологиялық сауаттылық апталығы аясында география, биология мұғалімдері және білім беру ұйымдарының оқушылары үшін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында ауыр металдардың өсімдіктерге әсері және пластикті қайта өңдеу тәсілдері талқыланды.
Спикерлер: Серікбай Арайлым Талғатқызы, PhD докторант, жаратылыстану ғылымдарының магистрі; Еремина Софья, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика факультетінің 1 курс студенті.