Размер шрифта:
«Экологиялық білім» бағытын жүзеге асыру аясында облыстық семинар
22-04-2022 15:38
«Экологиялық білім» бағытын жүзеге асыру аясында облыстық семинар

      2022 жылдың 22 сәуірінде директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында экологиялық білім беру бойынша онлайн семинар өткізілді.

Қатысушылар назарына «Колледж студенттерінің экологиялық тәрбиесін қалыптастыру жолдары» (Оспанова А.К., ҚО ББД ОӘО әдіскері), «Ауылда да өмір бар» әлеуметтік жобасы туралы (Кахарман А.К., «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ), «Экологиялық іс-әрекет арқылы студенттердің экологиялық сауаттылығын, мәдениетін қалыптастыру» (Клименкова Е.С., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК) тақырыптары ұсынылды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2022 жылдың 16 мамыры мен 20 мамыры аралығында өтетін экологиялық сауаттылық апталығы аясындағы іс-шаралардың хабарландыруларымен «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМКҚ директорының орынбасары А.Р.Камарова таныстырды.

Семинарға облыс колледждерінің 40 өкілі қатысты.