Размер шрифта:
Географ-эколог Кейкин Ернармен кездесу
22-04-2022 15:43
Географ-эколог Кейкин Ернармен кездесу

      2022 жылдың 22 сәуірінде «Өнегелі өмір» жобасы және «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ботаника кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі, географ-эколог Кейкин Ернар Қуатұлымен кездесу болып өтті.

Кездесуге әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, педагогтер, оқушылар қатысты.

Кездесу барысында географ-эколог елдегі және облыстағы экологиялық жағдай туралы баяндап, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару керектігін айтты.