Размер шрифта:
Заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмыстардың «Био-молекула» облыстық байқауы
22-04-2022 15:50
Заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмыстардың «Био-молекула» облыстық байқауы

      2022 жылдың 22   сәуірінде Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі  Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында заманауи биология туралы үздік шығармашылық жұмыстардың «Био-молекула» облыстық қашықтықтан өтетін байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты -   қазіргі заманғы Био-және Эко-білім берудің рөлі артып келе жатқан жағдайда Қарағанды облысы колледждері педагогтерінің шығармашылық, зерттеу дағдыларын дамыту.  

Байқауға 10 колледж  педагогтары қатысты.

Бірінші кезеңнің  бағалау критерийлеріне сәйкес финалға 6 үздік жұмыс іріктелді. Байқаудың финалы 2022 жылдың 22 сәуірінде ZOOM платформасында өтті. Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясын жасады. Қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Савенко Анастасия Олеговна, «Жануарлар жасушасы құрылымының ерекшеліктері» жобасымен,  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК оқытушысы;

2 орын -Михайлова Дарья Владимировна, Птицына Елена Ивановна, «Бактериофаг» жобасымен,  «Қарағанды тау – кен  индустриалды колледжі» КММ оқытушылары;

3 орын -Дуйсенбекова Назгуль Бакытбековна, «Жануарлар жасушасының моделі» жобасымен,   «Жезқазған жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК оқытушысы.

Номинациялар:

«Шығармашылық модель» - Каденова Анар Мукымовна, «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін жасау» жобасымен,  «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі»КМҚК оқытушысы;

 «Модельді дайындаудағы ғылымилығы» - Коянбаева Раушан Жумажановна, «Органикалық қосылыстар молекуласының модельдері»  жобасымен,  «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.