2022 жылдың 21 сәуірінде информатика оқытушыларының облыстық бірлестігі шеңберінде ZOOM платформасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық қашықтықтан мультимедиялық байқауөтті.
Байқаудың мақсаты -цифрлық ақпаратты өңдеу, бастапқы аудио - визуалды және мультимедиялық компоненттерден бейнероликтер, презентациялар, слайд-шоу, медиафайлдар және басқа да мультимедиялық өнімдерді жасау және шығару бөлігінде іскерліктерді, дағдыларды және практикалық тәжірибені қалыптастыру.
Байқау үш номинация бойынша өтті:
1) «Бейнетүсірілім және монтаждау»;
2) «Мультипликациялық әлем»;
3) «Анимациясы бар мультимедиялық презентация».
Байқауға 27 өтінім берілді. Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасының бағалауынан өтеді. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын 2022 жылдың 25 сәуірінде шығарады.