«Ағылшын тілін оқытудағы интернет-ресурстарды қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
2022 жылдың 22 сәуірінде шетел тілі оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында «Ағылшын тілін оқытудағы интернет-ресурстарды қолданудың тиімділігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Материалдардың презентациялары Zoom платформасында өтті.
Шараны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Жезқазған бизнес және көлік колледжі ұйымдастырды.
Спикерлер қатысушылардың назарына дәстүрлі оқыту технологияларын және грамматика мен сөйлеу тәжірибесін үйренуге арналған инновациялық платформалар мен қосымшаларды ұсынды.
Конференцияға облыстың 23 педагогі қатысты.