Педагог-психологтердің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
22-04-2022 11:07
Педагог-психологтердің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

      2022 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагог-психологтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыс барысында жасөспірім кезіндегі эмоционалдық бұзылу түрлері, эмоционалды-еріктік саланы түзету әдістері, агрессивті жасөспірімдермен жұмыс түрлері талқыланды.

 Педагог-психологтер жасөспірімдердегі эмоционалдық жағдайда өзін-өзі реттеуі бойынша тренингтік бағдарламасымен танысты.