Педагог-психологтердің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
2022 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысының мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагог-психологтерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Отырыс барысында жасөспірім кезіндегі эмоционалдық бұзылу түрлері, эмоционалды-еріктік саланы түзету әдістері, агрессивті жасөспірімдермен жұмыс түрлері талқыланды.
Педагог-психологтер жасөспірімдердегі эмоционалдық жағдайда өзін-өзі реттеуі бойынша тренингтік бағдарламасымен танысты.