Биология кафедрасында өткен Ашық есік күні
23-04-2022 10:57
Биология кафедрасында өткен Ашық есік күні

      2022 жылдың 23 сәуірінде «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология кафедрасында Ашық есік күні өткізілді.

Биология кафедрасының профессоры Маргарита Юлаевна Ишмуратова оқушыларға факультет ішіне экскурсия жүргізді.

Балалар табиғат мұражайына, гербарий қорына, зерттеу паркінің зертханаларына, кешенді аудиторияларға, жарық бөлмелерін тамашалады.