2022 жылдың 26 сәуірінде жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қарағанды облысы білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтері мен педагог-психологтері үшін «Денсаулық аумағы-шексіз!» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ведомствоаралық үйлестіру және алдын алу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Александр Владимирович Бузук қатысты.
Кездесу барысында Қарағанды облысындағы нашақорлық және оның алдын алу мәселелері талқыланып, тәуелділікті қалыптастыру себептері қаралды.
Жасөспірімдер ортасында белсенді заттарды қолданудың алдын алудың ең үздік тәжірибесімен «Денсаулық аумағы-шексіз!» байқауының «Бейнеролик» номинациясының жеңімпаздары бөлісті.