Семинар: «Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауаттылығын этнопедагогика элементтері арқылы дамыту».
2016 жылдың 6 қантарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауаттылығын этнопедагогика элементтері арқылы дамыту» тақырыбында семинарлар өтті.
Семинар мақсаты – бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауаттылығын этнопедагогика элементтері арқылы қалыптастыру және дамытуәдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Семинар барысында ББД ОӘО әдіскері Г. Мукашева, Саран қаласының №4 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімдерді Г. Серикова, Н. Қайроллақызы мұғалімдерді «Функционалдық сауаттылық» ұғымымен, функционалдық сауаттылықты этнопедагогика элементтері арқылы дамытубойынша тапсырмалармен таныстырды, топтармен жұмыстар атқарылды, бастауыш сынып оқушыларына тапсырмалар құрастыру бойынша түрлі практикалық тапсырмалар берілді.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Ақтоғай, Осакаровка, Жаңаарқа, Шет, Қарқаралы, Нұра аудандарының және Саран, Сатпаев, Шахтинск, Жезқазған, Қаражал, Теміртау, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.