2022 жылдың 29 сәуірінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қызметі аясында. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Қаныш. Қазына» облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Қарағанды облысының 40-тан астам студенті қатысты.
Конференция жұмысы үш секцияда өтті: Қаныш және Қарсақпай; Өз халқының ержүрек ұлы; Екі қала қанат тәрізді (К.Сәтбаев қаласы мен Жезқазған мыс қаласы туралы).
Конференцияға Қарсақпай кентіндегі Қаныш Сәтпаев атындағы мұражай-үйінің қызметкерлері қатысты. Конференция соңында қатысушылар мен спикерлер конференция жұмысын қорытындылады, үздік және мазмұнды жұмыстарды атап өтті. Конференция жұмысының қорытындысы онлайн жинақ болады.