«Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2022 жылдың 28 сәуірінде онлайн-режимде «Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы мен Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде өтті.
Шараға Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды облыстарынан 100-ден астам колледж оқытушылары қатысты.
Спикерлер инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті, проблемалар мен міндеттерді шешу жолдарын талқылады.
Конференцияның бастамашысы – Қарағанды техника-құрылыс колледжі.