Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы
04-05-2022 16:42
«WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы

      2022 жылдың 4 мамырында «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2022» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Байқауда «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ, «А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетеді.

Бағдарламаға сәйекс қатысушыларды техника қауіпсіздігімен және еңбек қорғау, байқаутапсырмаларымен және нормативтік құжаттамамен таныстырды. Қатысушының сөз сөйлеуінің реттік нөмірін анықтау үшін жеребе тарту өткізілді. Материалдық-техникалық базамен таныстырып,  апробация жүргізілді. Іс-шараның соңында байқаудың барлық қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі.