2022 жылдың 05 мамырында онлайн форматта ZOOM конференциясы арқылы «Информатика» пәнінен қиын тақырыптар бойынша бейнесабақтар байқауының нәтижелері жариялау өтті.
Байқаудың мақсаты педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Байқау 2 кезеңде өтті:
I кезең – аудандық/қалалық деңгей, 2022 жылдың 11 мен 22 сәуір аралығында өткізілді.
II кезең – облыстық деңгей, 2022 жылдың 25 сәуірі мен 4 мамыр аралығында өткізілді.
Байқаудың облыстық кезеңінде барлығы 313 бейнесабақ қаралды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз.
Бас жүлде – Исатай Заманай Таттыгалиулы,Саран қаласының №7 мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі;
І орын– Қабылсейт Берік Серікұлы, «Мұрагер»ММИ информатика пәні мұғалімі;
II орын– Сейсембаева Лаура Мавлидовна,Бұқаржырау ауданының Үштөбе тірек мектебінің (РО) информатика пәні мұғалімі;
II орын– Хайруллина Фирая Минигалиевна,Абай ауданының №1 ҚББМО информатика пәні мұғалімі;
III орын– Қабыкен Қорлан Қайратқызы,Қарағанды қаласының М.Жұмабаев атындағы гимназиясының информатика пәні мұғалімі ;
III орын– Серікбай Мәдина Ернарқызы,Жезқазған қаласының №1 ЖББМ информатика пәні мұғалімі;
III орын– Аханова Маржан Қайратқызы, Ұлытау ауданының №1 тірек мектебінің (РО) информатика пәні мұғалімі.
«Практикалық тәсіл»номинациясында Айткен Нуршаш, Шахтинск қаласының Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі және Утенова Куралай Жумагалиевна, «Өркен» ММИ информатика пәні мұғалімі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады.