Қарағанды теміржол колледжінде «WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
2022 жылдың 4 мамырында Қарағанды теміржол колледжінің базасында құзыреттер бойынша конкурстық тапсырмаларды орындауға кірісті: «Экспедиторлық жүк» – 5 қатысушы және 5 сарапшы; «Темір жолдың жай-күйін бақылау» – 3 қатысушы және 3 сарапшы; «Локомотив басқару» – 6 қатысушы және 6 сарапшы; «Темір жол автоматикасына және қашықтықтан басқару құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» – 3 қатысушы және 3 сарапшы; «Темір жол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару» – 8 қатысушы және 8 сарапшы; «Темір жол көлігінің технологиясы»- 6 қатысушы және 6 сарапшы.
Сарапшылар арасында рөлдерді бөлу жүзеге асырылды: «объективті пікір», «субъективті пікір». Әр алаңға 2 тәуелсіз сарапшы мен 3 волонтер қатысты. Бағдарлама бойынша құзыретіне қарай модульдер тапсырмалары 6 алаңда орындалды. Алаңда «Талап» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының менеджері Тургаев Жеңіс Маратұлы қатысты.